• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 17:25

Астанада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысы уақытша жабылады

20 рет
көрсетілді

Елордада Ұлы Дала даңғылы мен Төле би көшесінің қиылысында су құбыры, нөсер және шаруашылық-тұрмыстық канализация желілерін тарту жұмысын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Астана қаласының Көлік және көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мәлімдеді.

Аталған жұмыс "Р.Бағланова көшесінен Ұлы Дала даңғылына дейін Е-51 көшесін салу" жобасы аясында жүзеге асырылады.

Осыған байланысты 15 мен 26 тамыз аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.