• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Қаржы Бүгін, 09:10

Ұлттық жобаларды қолдауға қомақты қаржы бөлінеді

20 рет
көрсетілді

Кәсіпкерлікті қолдау, негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін «Бәйтерек» холдингі 8 трлн теңге бөледі. Ол биыл елімізде ІЖӨ-нің нақты өсуіне қосымша 1,3% үлес қосады.

Үкіметте Премьер-министр­дің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен ел экономикасының өсуін қамтамасыз ету жөнін­дегі штаб отырысында «Бәйтерек» холдингінің негізгі экономи­калық көрсеткіштері мен инвес­тициялық жобалары талқыланды.

Үкімет экономиканың нақты секторын қарқынды дамыту мақсатында «Бәйтерек» холдингін капиталдандыруды 1 трлн теңгеге ұлғайтып отыр. Бұл холдингке кәсіпкерлікті қолдауға, тұрғын үй құрылысын дамытуға және негізгі ұлттық және инвестициялық жобаларды іске асыруға шамамен 8 трлн теңге бөлуге мүмкіндік береді. Штаб отырысында холдинг төрағасының орынбасары Жандос Шайхы бірінші тоқсанда 1,2 трлн теңге игерілгенін айтты. Ал жоспар бойынша 1 трлн теңге межеленген еді. Бұдан басқа, биыл «Бәйтерек» арқылы іске қосылатын жобалар құнының көлемі 521,5 млрд теңге болмақ.

Жобалардың ең үлкен инвес­тициялық пулы Қазақстанның даму банкінде шоғырланған. Биыл 2,2 трлн теңгеге 66 жоба жүзеге асырылады. Инвестиция салынған негізгі салалар – көлік, логистика және байланыс (34%), металлургия (19%), химия өнеркәсібі (12%). Жобалардың барлығына қаржы бөлінген соң, ел экономикасына жаңа өндіріс, тауар мен қызмет түрінде 37,8 трлн теңге мөлшерінде салым түсіріледі. Негізгі капиталға салынған инвестиция биыл 1,6 трлн теңгеге жетті. 2025 жылы қаржы бөлу жоспарланған ҚДБ-ның басты инвестициялық жобаларының қатарында Жамбыл облысындағы натрий цианидін өндіру зауыты, Түркістан облысындағы күкірт қышқылы зауыты, Қостанай облысындағы ыстық брикеттелген темір өндіру жөніндегі ірі отандық кәсіпорын және басқалар бар.

Осы жылы 1,5 трлн теңгенің 181 инвестициялық жобасы өнеркәсіпті дамыту қорында (ӨДҚ) қалыптастырылды. Негізгі салалар – инфрақұрылымды дамыту (27%), металлургия (21%) және химия өнеркәсібі (13%). ӨДҚ-ның барлық жобасын қаржыландырудың қоры­тындысында жалпы қосылған құн көлемі – 19,4 трлн теңге. Негізгі капиталға салынған инвестиция биыл 1,44 трлн теңге болды. 2025 жылы қаржыландыру жоспарланған ӨДҚ басты инвес­тициялық жобаларының қатарына «Глобал Транс компания» ЖШС шекаралық теміржол өткелін салу, «ЕЭК» АҚ энер­гоблогін қай­та жаңарту, «Qarmet» АҚ өндірісін жаңғыр­ту, «Rail Way Steel» ЖШС элект­рометаллургиялық зауытын салу кіреді.

«Qazaqstan Investment Corporation» 2025 жылы қаржы­лан­дыруы 2,8 трлн теңге деңгейін­­­де болуға тиіс ЖҚҚ-мен 10 инвес­ти­циялық жобаға шамамен 500 млрд теңге салуды жоспарлап отыр. Биыл негізгі капиталға салынған инвестиция – 200 млрд теңге. Осы жылға арналған QIC негізгі 5 инвестициялық жобасы – Қарағанды облысында металлургиялық кластерді дамыту, «АралСода» ЖШС-ның кальциленген содасын және «Batys Bitum» ЖШС-ның битумын, «Ақтау энергетикалық компаниясы» ЖШС-ның бу-газ электр стансасын өндіру зауытын салу.

«Даму» қоры 2025 жылы шағын және орта бизнеске жеңілдік­пен несие беру көлемін 750 млрд теңгеге дейін ұлғайтуды жоспар­лады. Бұл 2024 жылмен са­лыс­тыр­ғанда 3 еседей артық. 2025 жыл­ғы 1 тоқсанда 755 кәсіпкерге 53 млрд теңге берілді. Қарыздарға кепіл­дік беру көлемі 1 400 млрд теңгеге дейін артты. І тоқсанда 160 млрд теңге сомасына кепілдіктер берілді.

Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауда 2025 жылғы 6 мамыр­дағы жағдай бойынша Аграрлық несие корпорациясы 5,8 млн гектар егіс алқабын қамти отырып, көктемгі егіс жұмысына қаржы берудің жеңілдетілген бағдарламасы бойынша 363 млрд теңгеге 6 мыңға жуық фермердің өтінімін қанағаттандырды.

Штаб отырысының қоры­тын­дысында вице-премьер қа­ра­пайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша инвестициялық жобалардың қымбат импортты алмастыруға және сол арқылы инфляцияны тежеуге мүмкіндік беретін ішкі нарықта сұранысқа ие тауарлар өндірісінің жеткі­ліксіз ұсынылғанын атап өтті.

«Біз экономиканың нақты секторын қолдау бағдарламасына бастамашылық жасаған кезде, ірі жобалармен қатар Ұлттық экономика министрлігінен тұрмыстық химия, гигиена, ірімшіктер, кон­сервілер, шұжықтар және тұр­ғындарымыз арасында сұранысқа ие басқа да өнімдер өндірісін жолға қою жобалары бойынша ин­вестицияларға тапсырыс жария­ладық. Құс өнімдерін өндіру бо­йынша жақсы ілгерілеу бар. Жыл соңына дейін тұтыну деңгейі толық қамтамасыз етілуге тиіс. Бірақ импорт көбірек сақталып отырған басқа салаларда да өндірушілерді іздеп, осы жобаларға көмек көрсету қажет», – деді Серік Жұманғарин.

Соңғы жаңалықтар