Осымен жиырма бірінші рет өтіп жатқан дәстүрлі ән фестиваліне еліміздің он шақты өңірінен және алыс-жақын шетелден келген 84 үміткер қатысып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Байқауға Қазақстан, Армения, Болгария, Қырғызстан, Беларусь, Украина елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлері төрелік етеді. Қазылар алқасының төрағасы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші Жеңіс Сейдоллаұлы.
Байқаудың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, үміткерлерге ақ жол тілеген әнші: Жиырма жылдық тарихы бар «Алтын микрофон» халықаралық байқауы – бүгінде Қостанай өңірінің ғана емес, өнерге талабы бар барша қазақ елінің дарынды жастарына даңғыл жол ашатын бірегей жоба» деді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ән байқауының жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Бас жүлдеге ие болған әнші Қазақстанда, сондай-ақ Еуропа мен Азия елдерінде өтетін дәстүрлі халықаралық байқаулардың біріне жолдама алады.
Қостанай облысы