4–21 тамыз аралығында спортшыларымыз Паралимпиадалық жаттығу орталығында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Ұлттық құрама сапындағы 16 спортшы арнайы шақырылған шетелдік маман, Таиланд құрамасының бас бапкері Surmit Kotsila-мен тәжірибе алмасып, шеберлігін шыңдап жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Халықаралық турнир 20–28 тамыз аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Бұл жолы ел намысын 10 спортшы қорғайды.
Айта кетейік, жарысқа 12 елден 60-қа жуық спортшы қатысады. Бағдарламада жекелей, жұптық және командалық сайыстар қарастырылған.
Бұл турнир — 2028 жылғы Лос-Анджелес Паралимпиадасына іріктеу кезеңі әрі спортшылар үшін рейтингтік ұпай жинауға мүмкіндік беретін маңызды жарыс.
Бочча елімізде 2018 жылы тірек-қимыл жүйесі бұзылған балалардың ата-аналарының бастамасымен дами бастады. 2021 жылы ұлттық бочча федерациясы құрылып, спорт ресми деңгейге көтерілді.