• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 17:32

Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін

30 рет
көрсетілді

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов биыл боз кілемге қайта оралуы мүмкін. Бұл туралы дзюдодан ұлттық құраманың кеңесші-бапкері Роберт Мшвидобадзе мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, әзірге спортшының толық қалпына келіп, ұлттық құрамаға қашан қосылатыны нақты белгісіз. Дегенмен, Сметов татамиге қайта оралуы ықтимал.

«Қазір оның оңтайлы формаға қашан жететінін нақты айта алмаймыз. Елдостың оралуын асыға күтіп отырмыз және онымен қайта жұмыс істеуге қуаныштымыз. Биыл татамиге шығу мүмкіндігі бар. Ештеңе кедергі болмайды деп үміттенеміз», деді Роберт Мшвидобадзе.

Елдос Сметов Олимпиададан кейін алғашқы жарысқа қашан шығады

Айта кетейік, 33 жастағы дзюдошы Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиададан кейін жарыстарға қатысқан жоқ. Ол иығына жасалған отадан кейін ұзақ уақыт бойы оңалтудан өтті.

Бүгінде отандасымыз ұзақ үзілістерге қарамастан Олимпиада ойындарының толық жиынтығын иеленген ең титулды дзюдошыларының бірі саналады.  

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар