Көлік министрлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрыққа өзгерістер енгізіліп жатқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Министрліктің мәліметінше, азаматтардың өтініштері негізінде, алғаш рет нормативтік деңгейде жолаушылардың музыкалық аспаптарды (оның ішінде домбыра мен қобызды) футлярда әуе кемесінің салонында қол жүгi ретінде тасымалдауға рұқсат етіледі.
Домбыраны «харам» деп жариялаған ақтөбелік 7 жылға сотталуы мүмкін
Ал олардың өлшемдері 110×35×30 сантиметрден, ал салмағы 10 килограмнан аспауы тиіс.
«Түзетулерге сәйкес, егер жолаушы тек бір музыкалық аспапты алып жүрсе, оны тасымалдау қол жүгі ретінде тегін жүзеге асырылады. Ал музыкалық аспап қол жүгінің қосымша бірлігі ретінде тасымалданған жағдайда, белгіленген нормадан асатын жүк үшін әуе компаниялардың қолданыстағы қағидаларына сәйкес ақы алынады», делінген хабарламада.
Түзетулер биыл мамыр айының соңына дейін енгізіледі деп жоспарланған.