• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Саясат 28 Қаңтар, 2025

Сенімді серіктестік аясында

90 рет
көрсетілді

Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздегі дипломатиялық миссиясын бастаған Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинмен кездесті.

Кездесуде сауда-экономи­калық ынтымақтастық, инвес­тиция, АӨК, көлік және логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық сала, туризм және басқа да салалар­дағы өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері талқыланды.

Премьер-министр Мем­ле­кет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР Төр­ағасы Си Цзиньпин арасын­дағы қарқынды әрі сен­імді бай­ланыстар серпінді эконо­микалық ынтымақтастықтың негізі екенін баса айтты.

Келіссөз барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық әріптестіктің қалыптасқан жоғары деңгейін атап өтті. 2024 жылдың қоры­тын­дысы бойынша екіжақты тауар айналымы 9%-ға өсіп, 43,8 млрд долларға жетті. Екі мем­лекет басшылары қой­ған өзара сауда көлемін екі есеге арттыру жөніндегі міндет­терге қол жеткізу мақса­тын­да үкіметтер тауар айналы­мын әр­тараптандыруға бағыт­­тал­ған қолда бар әлеует­ті кеңей­ту бойынша бірлес­кен жұмыс жүргізіп келеді. Осыған бай­ла­нысты Қазақстан тарапы жет­кізілетін өнім номенк­латура­сын одан әрі кеңейту­дің, оның ішінде Қытай тарапының астық жүктерін вагондардың барлық түрі бойын­ша қабыл­дауын ұлғайту, сондай-ақ ҚХР-ға экспорт­тау­шылар тізі­ліміне жаңа отан­дық кә­сіпорындарды енгізу ар­қы­лы Қытай нары­ғына елі­міз­ден астық экспортын артт­ырудың маңыз­дылығын атап өтті.

Бұдан басқа, бірлескен ин­вестициялық жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Қытай Қазақстанның 5 үздік инвесторының қатарына кіреді. Бүгінгі таңда 11 мың жұмыс орны ашу арқылы 8,7 млрд долларға 62 қазақ-қытай жобасы іске асырылды, 17,4 мың жұмыс орнын ашатын 13,5 млрд-қа 55 жоба – іске асы­ру саты­сында. Жалпы, пулға 60,5 млрд дол­лардан астам 222 инвес­тициялық жоба кіреді.

Сондай-ақ транзит­тік-көлік саласындағы ынты­мақтас­тықты нығайтуға баса наз­ар аударылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ деректері бойынша 2024 жылдың 11 айында Қазақстан мен ҚХР арасында жүк тасымалдау көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, 29,3 млн тоннаны құрады. Жүк тасымалын одан әрі арттыру үшін қазақ-қытай шекарасында жаңа өткізу пункттерін ашу және қолданыстағы өт­кізу пункттерін жаңғырту, сон­дай-ақ шекара маңындағы кеме қа­тынасын дамыту жөнін­де бірлескен шаралар қа­был­даудың маңызы нақтыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың барлық негізгі бағыттары бойынша әріптестікті нығайту және бірлескен жұмысты күшейту ниеттерін растады.