Цифрлық трансформация аясында Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жасанды интеллектке негізделген виртуалды көмекші «AI Stat» сервисін іске қосты. Жаңа жүйе статистикалық ақпаратпен жұмысты жеңілдетіп, пайдаланушылардың жүктемесін азайтуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сервис статистикалық есептілікті тез түсінуге, қажетті деректерді жылдам табуға және Бюро қызметтерін байланыс орталығына жүгінбей-ақ пайдалануға мүмкіндік береді.
Пилоттық кезең және жетілдіруЖоба 2026 жылдың сәуір айында пилоттық режимде іске қосылған. Тестілеу нәтижелері бойынша сервис жетілдіріліп, білім базасы кеңейтілді, сұраныстарды өңдеу алгоритмдері жақсартылды, жауаптардың дәлдігі мен толықтығы артты.
«AI Stat» Бюроның цифрлық экожүйесіне толық интеграцияланған және респонденттер мен пайдаланушыларға ыңғайлы болуға бағытталған. Ол бір интерфейс арқылы кеңес беру, деректер бойынша навигация және есептілікке қатысты қолдау қызметін біріктіреді.
Сервистің негізгі мүмкіндіктеріВиртуалды көмекші диалог форматында жұмыс істеп, пайдаланушыны негізгі процестерде сүйемелдейді. Атап айтқанда, ол:
статистикалық есептілік бойынша кеңес береді; есеп формаларын толтыруға көмектеседі; қателіктердің алдын алуға ықпал етеді; деректерді іздеу мен цифрлық сервистерде навигацияны жеңілдетеді, соның ішінде «Респондент кабинетімен» жұмыс істеуге көмектеседі.Сонымен қатар, жүйе БСН немесе ЖСН бойынша міндетті статистикалық формалардың тізімін автоматты түрде қалыптастырады, қызмет түріне қарай ЭҚЖЖ кодтарын ұсынады және қажет болған жағдайда байланыс орталығына өтініш жолдайды.
«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді
Осылайша, «AI Stat» алғашқы қолдау деңгейіндегі қызметті атқарып, операторлардың жүктемесін азайтады және пайдаланушыларға ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік береді.
Цифрлық дамудың жаңа кезеңіБюро басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, бүгінде пайдаланушылар деректерге жылдам әрі оңай қол жеткізуді күтеді. «AI Stat» осы сұранысқа жауап беретін және мемлекеттік секторда жасанды интеллект шешімдерін дамытуға бағытталған маңызды қадам болмақ.
Әлемдік сарапшы Ли Кай Фу Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Сервис қазірдің өзінде екі тілде қолжетімді. Алдағы уақытта оның ағылшын тіліндегі нұсқасын іске қосу жоспарланып отыр. Жобаны дамыту аясында функционал кеңейтіліп, жаңа қолдану сценарийлері енгізілмек.