Ұлттық статистика бюросы 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан халқының саны туралы деректерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, ел халқының саны 20 547 909 адамды құрады. 2026 жылдың басынан бері Қазақстан халқы 48 087 адамға көбейген.
Өңірлер бойынша көрсеткіштерХалық саны 2 миллионнан асқан өңірлер қатарында Түркістан облысы мен Алматы қаласы бар. Түркістан облысында 2 146 665 адам тұрады. Дегенмен жыл басынан бері өңір халқы 2 540 адамға азайған.
Ал Алматы қаласында 2 359 052 тұрғын тіркелген, бұл көрсеткіш 10 949 адамға артқан.
1 миллионнан астам халқы бар өңірлер:
Астана – 1 662 755 адам; Алматы облысы – 1 606 365 адам; Шымкент – 1 302 868 адам; Жамбыл облысы – 1 214 501 адам; Қарағанды облысы – 1 131 200 адам.Республика бойынша халқы ең аз аймақтар:
Ұлытау облысы – 218 420 адам; Солтүстік Қазақстан облысы – 512 991 адам; Абай облысы – 594 320 адам.2026 жылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша:
қалаларда – 13 137 950 адам (52 840 адамға көбейген); ауылдық жерлерде – 7 409 959 адам (4 753 адамға азайған).Статистика қала халқының өсіп, ауыл халқының біртіндеп азайып жатқанын көрсетеді.