• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 20:21

Тарихи жетістік: Үстел теннисінен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жаңа белесті бағындырды

30 рет
көрсетілді

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Қазақстан ерлер құрамасы үстел теннисінен Лондонда өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихта алғаш рет 1/8 финалға шықты. Енді ұлттық құрама ширек финал жолдамасы үшін шешуші кезеңде бақ сынайды, деп жазады Egemen.kz.

Лондон қаласында өтіп жатқан жарыстың 1/16 финалында отандастарымыз Испания құрамасымен кездесті.

Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр

Алғашқы ойында Алан Құрманғалиев Альваро Роблесті 3:1 есебімен жеңіп, есеп ашты.

Келесі матчта Кирилл Герасименко Хуан Пересті дәл осындай есеппен ұтып, Қазақстан құрамасының басымдығын арттырды.

Үшінші кездесуде испаниялық Даниэль Берзоса Айдос Кенжіғұловты 3:1 есебімен жеңіп, есеп айырмасын қысқартты.

Алайда шешуші ойында Кирилл Герасименко Альваро Роблесті 3:0 есебімен айқын басымдықпен ұтып, матч нүктесін қойды. Қорытынды есеп – 3:1.

Осылайша, Қазақстан құрамасы 1/8 финалға жолдама алып, келесі кезеңде Жапония мен Бельгия құрамалары арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды. Бұл – отандық үстел теннисі тарихындағы ең үздік нәтижелердің бірі.

Йогамен шұғылданамын, үстел теннисін ойнаймын. Президент денсаулығына қатысты сауалға жауап берді

 

Соңғы жаңалықтар