• RUB:
    6.32
  • USD:
    510.06
  • EUR:
    566.32
Басты сайтқа өту
Таным 25 Қаңтар, 2025

Ғалам ғажаптары: Қара бамбук шұңқыры

150 рет
көрсетілді

Күн шығыс еліндегі Хейчжан (Қара бамбук шұңқыры) жер бетіндегі ең үрейлі мекендердің бірі. Жергілікті тұрғындар оны өлім аңғары деп атап кеткен.

Бұл жұмбақ шұңқыр – қуатты мекен. Әрқашан тұман басып тұратын бамбук шұңқырында жоғалып кеткен адамдар мен үй жануарлары да аз емес көрінеді. Ғалымдар түрлі зерттеулер жасап, ол жерді климаты ауыр және мекен етуге қауіпті аймақ деп тапқан.

 

«De salitto» қонақүйі

Колумбия астанасы Богота қала­сынан шамамен 30 шақырым жер­дегі Текендама сарқырамасы әде­мілігінің арқасында туристердің сүйікті мекеніне айналған еді. Алайда қазір ол адам аяғы аттап баспайтын жер.

Аңғардың әсемдігін тамашалауға келетін туристер көбейгендіктен, 1928 жылы онда «De Salitto» қонақ үйі са­лынған. Бірақ 90-жылдары қонақ үй жұмысын тоқтатты. Көпшіліктің айтуынша, бұл аймақты «қарғыс атқан». Сол себепті қонақүй иелері бұл жерден аулақ болу үшін кәсібінен бас тартады. Содан бері тылсымға толы мекенге айналған. ХХ ғасырда салынған ғимаратты әлі күнге дейін елестер мекендейді деген қауесет те бар.

 

Алыптар көпірі

Ирландиядағы алыптар көпірін көпшілік біле бермейді. Қызығы, оны адамдар салмаған, табиғаттың ерекше құбылысынан пайда болған.

Мыңдаған жыл бұрын мұнда үлкен жанартау атқылайды. Соның әсерінен осы алып көпір түзілген. Алты бұрыш пішініндегі ірі тастар үлкен сатыға ұқ­сайды. Жер планетасындағы бұл ға­жайып ЮНЕСКО-ның қорғауында. Кей деректерде «алыптар жолы» деп те аталатын мекендегі тастар 40 000 базальттық колоннадан тұрады. Ирландияның мұндай кереметін тамашалауға жыл сайын мың­даған турист келеді екен. 

 

Дайындаған –

Дидар АСЫЛХАН,

Қ.А.Ясауи университетінің студенті