• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Мамыр, 2024

Өзекті тақырыптарға арналған бейнероликтерге байқау жарияланды

42 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Хабар» Агенттігі» АҚ экологиялық және қоғамдық мәдениет, қоршаған орта мен ресурстарға ұқыпты қарау (суды, электр энергиясын және т.б. үнемдеу) және мемлекеттік рәміздерді дәріптеу тақырыптарына арналған бейнероликтерге байқау жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңінде аталған тақырыптарды мағыналық және графикалық кескінделуі тұрғысынан жан-жақты ашатын аудиовизуалды туындының идеясы мен тұжырымдамасы қабылданады.

Сонымен қатар өтінім берушілер бейнероликтер жасау құнының негіздемесі мен шығармашылық тобы туралы өмірбаяндық және шығармашылық-ақпараттық мәліметтерді қоса ұсынуға тиіс.

Әлеуетті орындаушылардан өтінім қабылдау 1 мамырдан 15 мамырға дейін жүргізіледі. Құжаттар astana@khabar.kz электрондық поштасына жіберілу керек.

Екінші кезеңде қабылданған өтінімдердің тақырыптарды ашатын ең ұтымды идеялары мен тұжырымдамалары іріктеліп, өтінім берушілердің біліктілігі мен тәжірибелік дағдыларын, төлем қабілеті мен материалдық-техникалық базасының болуын растайтын құжаттар сұратылады.

Байқау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзім өткеннен кейін тапсырылған, байқау талаптарына сай келмейтін құжаттар ұсынған және дәйексіз, бұрмаланған ақпарат берген өтінімдерді іріктеу комиссиясы қарамайды.