• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Ауа райы 18 Қаңтар, 2024

18 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

92 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК 18 қаңтарда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылысының болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Синоптиктердің болжамынша, ауқымды антициклонның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Бұл ретте республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік облыстарында атмосфералық фронттардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (негізінен қар), бұрқасын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.