• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Теннис 07 Қараша, 2023

Қазақстанның жасөспірім теннисшілері әлем чемпионатын жеңіспен бастады

102 рет
көрсетілді

Испанияның Кордова қаласында 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Billie Jean King Juniors Finals турнирін Қазақстан қыздар құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Марат Шәріповтің шәкірттері алғашқы кездесуінде Аргентина теннисшілерін ұтты.

Бірінші болып кортқа шыққан отандасымыз Полина Слепцова (224 ITF Juniors ranking) Соль Айлинді (117 ITF Juniors ranking) 7:6 (9:7), 6:3 есебімен жеңді. 

Екінші ойында Анастасия Крымкова (576 ITF Juniors ranking) Жозефина Эстевистен (271 ITF Juniors ranking) 6:1, 3:6, 6:1 есебімен айласын асырды.

Жұптық сында Іңкәр Дүйсебай мен Анастасия Крымкова қарсыластарына есе жіберді - 5:7, 6:4, 10:12. Жалпы есепте 2:1 ұпайымен біздің жасөспірімдер жеңіске жетті. 

Командалық әлем чемпионатының «В» тобында Ұлыбритания мен Қазақстан құрамалары алда келеді. Ұлыбритания өкілдері бірінші ойында Бразилия спортшыларын 3:0 есебімен ұтты.

Бүгін Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Бразилия теннисшілеріне қарсы ойын өткізеді.