Парламент Сенатының депутаты Андрей Лукин Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясы Саяси мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комиссиясы отырысына қатысты.
Андрей Лукин ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде сайлау процестері мен егемендікті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелерін әріптестерімен талқылады.
Сенатор Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аясында жасалған халықаралық шарттарды ратификациялау барысы туралы ақпаратты тыңдады.
Парламентшілер шара қорытындысы бойынша Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблеясының 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасын талқылады.