• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 13:14

Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты

0 рет
көрсетілді

Елордада салынып жатқан Astana LRT аялдама павильондарының бірінде өрт шықты. Оқиға Сарайшық ауданындағы Нұрмағамбетов көшесі бойындағы аялдамада болған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

ТЖМ мәліметінше, қоғамдық көлік аялдамасынан түтін шыққаны туралы хабар 112 пультіне түскен.

Оқиға орнына жеткен бойда, салынып жатқан нысан аумағындағы аялдама павильонының жертөлесінен түтін шыққаны анықталды. Электр қалқанындағы электр кабельдері мен құрылыс қоқысы жалпы көлемі 10 шаршы метр аумақта өртенген.

Өрт жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр

 
Соңғы жаңалықтар