• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 19:37

2026 жылғы Олимпиададағы тау шаңғысы: Александра Скороходова слалом-гигантта бақ сынады

0 рет
көрсетілді

Қазақстандық спортшы Александра Скороходова Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында тау шаңғысынан сынға түсті, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Отандасымыз слалом-гигант бағдарламасында ел намысын қорғады. 

Айта кетейік, бұл сайыста екі кезеңнің қорытындысы бойынша үздік уақыт көрсеткішін тіркеген спортшы жеңімпаз атанады.

Нәтижесінде Александра Скороходова 2:23.31 уақыт көрсеткішімен 37-орынға тұрақтады.

Италиялық Федерика Бриньоне екінші мәрте Олимпиада чемпионы атанды - 2:13.50. Бұған дейін ол супергигантта топ жарған еді. Швециялық Сара Хектор және норвегиялық Стьернесунн Теа Луиз бірдей уақыт көрсеткішін тіркеп (2:14.12), екінші орынға ие болды.

Соңғы жаңалықтар