• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Әлемнің бірінші ракеткасы «Ролан Гарроста» жеңіліс тапты

Ресейлік теннисші Диана Шнайдер «Ролан Гаррос» турнирінің ширек финалында әлемнің бірінші ракеткасы, беларусиялық Арина Соболенконы жарыс жолынан шығарып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қос теннисші арасындағы кездесу үш сетке созылып, Шнайдердің жеңісімен аяқталды. Қорытынды есеп 3:6, 7:5, 6:0.

Кездесудің басында ұтылып жатқан Диана кейін ойын тізгінін толық өз қолына алды. Екінші сетте ресейлік теннисші шешуші сәтте жеңісті жұлып алды, ал үшінші партияда Соболенкоға бірде-бір гейм бермей, 6:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Заңғар Нұрланұлы «Ролан Гарростың» үшінші кезеңіне шықты

Енді жартылай финалдық бәсекеде ресейлік теннисші польшалық Майя Хвалинскамен кездеседі.

Бұған дейін Хвалинска ресейлік Анна Калинскаяны жарыстан шығарып, турнирдің басты жаңалығы атанған болатын.

Турнирдің екінші бөлігінде финалға жолдама үшін Мирра Андреева мен украиналық Марта Костюк кездеседі.

Сенсациялық жеңіліс: Елена Рыбакина  «Ролан Гарростың» екінші айналымынан аса алмады

Андреева румыниялық Сорана Кирстяны сенімді түрде жеңсе, Костюк украиналық дербиде Элина Свитолинадан басым түсті.

 

Соңғы жаңалықтар