Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, ел тарихында осы спорт түрінен тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды, деп хабарлайды Egemen.kz
Марапаттау рәсімінен кейін өткен баспасөз мәслихатында спортшы Олимпиада-2014 ойындарының қола жүлдегері Денис Теннің спорттағы рөлі туралы айтты. Оның айтуынша, Денис Тен тек өзіне ғана емес, тұтас қазақстандық мәнерлеп сырғанау мектебінің дамуына зор ықпал еткен.
«Денис Тен көптеген спортшыларға, соның ішінде маған да үлкен жол ашты. Оның жетістігі бәрімізге жігер берді. Бүгінгі жеңісім жас қазақстандық спортшыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлайды деп сенемін. Олар өз армандарына жетуде ешқандай шектеу жоқ екенін түсінуі керек», деді Шайдоров.
Айта кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алтын жүлдегері атанғанын хабарлаған едік.
Посмотреть эту публикацию в Instagram