Индонезия жағалауында жолаушылар паромында өрт болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бортта 200-ге жуық адам болған. Олардың барлығы аман-есен эвакуацияланды және жақын аралға жеткізілді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Алайда паром жанып жатқан кезде жолаушылар дүрбелең шығарған.