• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Тамыз, 2020

Мемлекет басшысының өкімімен Мүслім Алтынбаев қызметінен босатылды

3097 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының өкімімен Мүслім Мұхтарұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасай отырып Egemen.kz хабарлайды.

1966 жылғы  19 қаңтарда Қарағанды қаласында туған. 1987 жылы Ставрополь жоғары әскери авиациялық штурмандар мен ұшқыштар училищесін бітірген. 1998 жылы Ресей Федерациясы Қорғаныс Министрлігінің Әскери академиясын бітірген. 2004 жылы АҚШ Қарулы Күштерінің Ұлттық қорғаныс университетін бітірген. II дәрежелі Даңқ,  II дәрежелі "Айбын"  орденімен наградталған.  12 мерекелік және еңбек сіңірген жылдары үшін медальдары бар.

Еңбек жолы:

1999 жылы шілде айында әскери атташенің көмекшісі болып тағайындалды.

2002 жылы 22753 әскери бөлімінің командирі болып тағайындалды.

2006 жылы сәуір айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

2007 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы болып тағайындалды.

2009 жылы шілде айында "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы болып тағайындалды.

2010 жылы наурыз айында "Астана" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды.

2013 жылы маусым айында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.

2016 жылы қараша айында Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі әскери және қорғаныс қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

2017 жылы қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.