• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Қазан, 2013

Өскеменнің сол жағалауы қалай дамиды?

280 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының сол жағалауын дамытуға басымдық берілді. Бұл туралы YK-news.kz хабарлады.

Бас жоспар бойынша 20 жыл ішінде сол жағалауда көпқабатты автотұрақ, мектептер, спорт алаңы мен ауруханалар бой көтереді. Осының бәрі 19-ші шағын ауданға шоғырланады. «Қазір біз сол жағалаудан орын алатын нысандардың инженерлік инфрақұрылымын пысықтау үстіндеміз. Соның ішінде сапалы жол салу мәселесі де тұр. Жоспар бойынша осы аумақта бірнеше нысандардың қатарында 4 мектеп пен 9 балалар бақшасы салынады»,- дейді Өскемен қалалық сәулет және құрылыс бөлімі бастығының орынбасары Дәурен Қасымов.

Бас жоспарда көрсетілгендей, жоғарыда аталған шағын ауданда жалпы 130-ден аса ғимарат салынады екен. Солардың арасында қалалық әкімдік, облыстық прокуратура мен облыстық сот, кинотеатр бой көтереді. Ал қала тұрғындарының қолайлы дем алуы үшін үлкен саябақтың аумағы жасыл-желекпен көмкеріледі.

Данияр Түймебай.