• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Сәуір, 2020

Камалжан Надыровтың соңғы күндері қай облыстарда болғаны анықталды

478 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Денсаулық сақтау вице-министрі болған Камалжан Надыровтың соңғы күндері қай облыстарда болғанын айтты.

- Коронавирус инфекциясын жұқтырған экс-вице-министр Камалжан Надыров министр Елжан Біртановтың тапсырмасымен Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында және 1 күн Алматы қаласында болды, - деді Жандарбек Бекшин.

Оның айтуынша Камалжан Надыровпен байланыста болған Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің барлық қызметкерлері коронавирусты анықтауға арналған тесттен өтті. Нәтижелері кейінірек белгілі болады.