• RUB:
    6.69
  • USD:
    523.46
  • EUR:
    600.04
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 14:35

Медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі қысқарды

40 рет
көрсетілді

Республикалық Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ұйымдастырған жиында еліміздегі медициналық ұйымдардың қаржылық динамикасы тұрақтанып, бұқараны қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс оң нәтиже бере бастағаны туралы айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен  жылдың басында 537 медициналық ұйым бойынша кредиторлық берешек көлемі 82,3 млрд теңгені құраған екен. Бұл жүйелі жүргізілген жұмыстың нәтижесі дейді қор мамандары. Яғни, қордың қаржылық тұрақтылығын арттыру жөнінде іс-шара жоспары бекітіліп, қысқа мерзімді және жүйелі шаралар көзделіпті. Сонымен қатар медициналық қызметкерлерге еңбекақыны уақытылы төлеу мен медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегіне мониторинг жүргізу тәртібі бекітіліп, бұл жұмыс өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының қатысуымен іске асырылған екен.

«Медициналық ұйымдарды қаржылық сауықтыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрақты оң динамика байқалып отыр. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда кредиторлық берешек 12%-ға төмендеп, 111,6 млрд теңгеден 98,4 млрд теңгеге дейін азайды. Атап өтерлігі, мерзімі өтіп кеткен берешек көлемі үштен бірінен де көп мөлшерге – 21 млрд теңгеден 13,4 млрд теңгеге дейін қысқарды. Бұл көрсеткіштер Денсаулық сақтау министрлігінің дер кезінде қабылдаған шараларының, соның ішінде қаржылық тұрақтылықты арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының бекітілуі мен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларын тарта отырып, берешек пен жалақы төлеміне мониторинг жүргізудің нәтижесінде мүмкін болды», деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.