• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Қаңтар, 2020

Лозаннада биатлон бәсекесі аяқталды

175 рет
көрсетілді

Бүгін Лозаннадағы жасөспірімдер арасындағы ІІІ Олимпиадада қазақ биатлоншылары аралас эстафетада 8-орын алды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құрама сапынан жарыс жолына Вадим Куралес пен Ульяна Ардалинова шықты. Жалпы 30 елдің биатлоншысы қатысқан бәсекеде Қазақстан 8-орыннан көрінді.

Ал Франция спортшылары мәреге бірінші болып жетсе, Италия екінші, Швеция өрендері үштікті түйіндеді.