• RUB:
    6.6
  • USD:
    519.51
  • EUR:
    611.83
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 15:50

Қазақстандық оқушылар IChO-2025 халықаралық химия олимпиадасына аттанды

20 рет
көрсетілді

5–14 шілде аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінде 57-ші Халықаралық химия олимпиадасы (IChO-2025) өтеді. Олимпиадаға 90-нан астам елдің үздік жас химиктері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасына – республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған төрт дарынды оқушы енді:

Абылай Кабдулхадыр – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы; Аңсар Жақсылықов – Ақтөбе облысындағы «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы; Еңлік Бақытбекова – Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы; Кирилл Ким – Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы.

Қазақстан құрамасының жетекшілері:

Санжар Бегдаир – Korea Advanced Institute of Science and Technology (KAIST) магистранты, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы; Ринат Илюсизов – халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.

Айта кетейік, химиядан халықаралық олимпиада (IChO) – мектеп оқушыларының теориялық және практикалық білімдерін бағалауға бағытталған 7 беделді олимпиадалардың бірі. Қазақстан құрамасы аталған жарысқа 1998 жылдан бастап қатысып келеді. Осы күнге дейін құраманың қоржынында 10 алтын, 35 күміс, 48 қола мен 4 грамота бар.