• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 12:02

Диқандар биыл дизельді қанша теңгеге сатып алады?

30 рет
көрсетілді

Биыл шаруалар үшін дизель отынының бағасы литріне 263 теңге деңгейінде бекітілді. Алайда түпкілікті бағаны өңірлік операторлар анықтайды, ол литріне 281 теңгені құрайды. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрдің айтуынша, 2026 жылғы көктемгі егіс жұмыстарына қажетті дизель отынын жеткізу үшін Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері бірлесіп жоспар бекіткен. 1 ақпан мен 30 маусым аралығына 402,2 мың тонна дизель отынын бөлу кестесі қабылданған.

Өңірлер үшін дизель отыны орта есеппен литріне 281 теңге болады. Бұл нарықтағы бөлшек бағадан шамамен 15%-ға төмен.

«Жанармайдың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін бақылау шаралары күшейтілген. Атап айтқанда, жеке ПИН-кодтар енгізу, дизель отынын түске бояу және электрондық шот-фактура жүйесінде арнайы виртуалды қойма құру тетіктері қолданылып отыр», деді министр.

 Еліміздің қай өңірінде бензин мен дизель арзан?

Ведомство мәліметінше, жоспарланған көлемнің бір бөлігі жеткізілген: 402,2 мың тоннадан 204,8 мың тоннасы немесе 51% жөнелтілген. Жалпы іріктеу көлемі 729 мың тоннадан 602 мың тоннаға дейін қысқарып, 127 мың тоннаға немесе 21%-ға азайған.

Францияда дизель бағасы соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті

Министрлік ауыл шаруашылығын дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда екенін атап өтті.

Нұрболат АМАНБЕК

Соңғы жаңалықтар