• RUB:
    6.25
  • USD:
    516.16
  • EUR:
    584.86
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Ақпан, 2010

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

1040 рет
көрсетілді

12 400 000 000 Өңір бюджетіне өткен жылы осыншама теңге төлемдер түсіп, жоспар асыра орындалды

Мемлекет басшысының би­ыл­ғы халыққа Жолдауында кә­сіп­керлік жаңа экономиканың қоз­ғау­шы күші екендігі атап ай­тылып, сала қыз­мет­керлерінен жа­ңа­шы­л­дықты игеру мен ен­діруге қабілетті топ қалыптас­ты­ру міндеттелген еді. Осыған орай өңірлерде аталған саланы дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізу тап­сы­рылған. Жетісу жерінде жыл өт­кен сайын шағын және орта кә­сіпкерлікті дамыту мақсатындағы жұмыс жалға­сын тапса, 2009 жылы 235,3 мың адам жұмыспен қам­ты­лып, өндіріл­ген өнім мен қызмет көрсетудің әдістері жақсара түсті. Шағын және орта кәсіпкер­лік жобаларды несиелендіру мақса­тын­­да “Даму” қорынан 1,5 млрд., облыстық бюджеттен 550,0 млн. тең­ге бөлініп, қар­жылар құнды жо­ба­ларды жүзеге асыруға бағытталды. Өткен жылы облыстық бюд­жетке түскен төлемдер 12,4 млрд. тең­гені құрап, жоспар асыра орын­далды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы. 3 203 000 000 Еуразиялық  табиғи ресурстар корпорациясы — ENRC-тің құрамына енетін “Еуразиялық энергетикалық корпорациясы” АҚ өткен жылы осыншама киловатт-сағат электр қуатын өндірді Мұндай өндірістік нәтижелер корпорацияның  көмір өндіру ба­ғы­тында да көрініп, ол  4 мил­лион 636 мың тоннаны құрады. Жалпы, об­лыстағы Ақсу қала­сын­да орна­лас­­қан “Еуразиялық энергетика­лық корпорациясы” АҚ өзінің құрамына Ақсу электр стансасы, “Шығыс” көмір ке­ні­ші және өн­дірістің жөн­деу бө­лімшесі сияқты 3 құры­лым­дық жүйені біріктіреді. Өндірісте бұл күндері 6702 адам жұмыс жа­сайды. Қазір корпорация  инвести­ция­лық бағ­дарлама негізінде 1996 жылы пай­даланудан шыққан №2 энер­гоблокты қалпына келтіру бой­ын­ша жөндеу жұмыстарын жүр­гі­зуде. Энер­гоблок іске қосылған соң, электр стансасының қуаты 325 МВт-ға дейін көбейеді. Фарида БЫҚАЙ, Павлодар. 140 000 000 “Болашақ” шағын ауданында жақында ашылған бір ауысымда 150 сырқат қабылдайтын 3-ші қалалық емхананың филиалы облыстық бюджетке осыншама қаржыға түсті Оның құрылысын “Ақтөбе-Сәулет” ЖШС жүргізді. Осы ем­деу-профилактикалық мекемесі “Бо­лашақ”, сондай-ақ 11 және 12 ша­ғын аудандар тұрғындары­на медициналық қызмет көрсе­те­ді. Емханада хирургиялық, ин­фекция­лық аурулар, физиотера­пия, дәрі­гер­ге дейінгі тексеру, егу және емдеу бөлмелері, зерт­хана, жылжы­малы флюрография бар. Емхананың балалар бөлім­шесі балалар денсаулығын қорғау ор­талығының рөлін атқарады. Ха­лық­қа медициналық қызмет көр­се­ту мекемесі ере­сектер мен балалар үшін қажетті осы заманғы диагнос­ти­калық қон­дырғылармен, биохи­мия­лық және гематологиялық зерт­­хана­лар­мен жарақтанды­рыл­ған. Шет­елдік озық технология­лар­мен жұмыс істейтін мамандар арнайы курстардан өтіп, кәсіби білікті­лігін жетілдіріп келді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе.