Президент • Кеше
Шағын жинақты ауыл мектептерін қолдауға ерекше мән берілген
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Аталған құжат орта білім беру жүйесін дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде жасанды интеллект технологияларын енгізуді көздейді. Сондай-ақ адами капиталды дамытуға және жасанды интеллект негізіндегі заманауи білім беру жүйесін қалыптастыруға бағытталған.
Президент • Кеше
Білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін шешім
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні ендіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл еліміздің білім жүйесін жаңа сапалық деңгейге көтеретін стратегиялық шешім. Жаңа құжат – әрбір оқушының сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған маңызды қадам.
Форум • Кеше
Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті
Бүгін Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, «АМАНАТ» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев, Парламент Мәжілісінің депутаты Мархабат Жайымбетов және Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мамандарының қатысуымен «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Кеше
Таразда полициядан қашқан жасөспірімнің кесірінен бір адам қаза тапты
Тараз қаласында 15 жастағы жасөспірім Audi көлігімен полициядан қашу барысында, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz Жамбыл облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Елорда • Кеше
Берн одағы: Астана халықаралық қаржы форумының орталығына айналды
Астанада экспорт несиелері мен инвестицияларды сақтандырушылардың ең ірі халықаралық бірлестігі саналатын Берн одағының көктемгі отырысы өтіп жатыр. Орталық Азия аумағында тұңғыш рет ұйымдастырылған ауқымды форум Қазақстанның халықаралық қаржы кеңістігіндегі рөлін тағы бір мәрте айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.