Денсаулық • 30 Желтоқсан, 2025
Психологиялық күйзеліс – ауру атаулыға себепші
Түрлі тері ауруларының пайда болуына күйзеліс, инфекция, гормондық өзгерістер, антибиотиктер мен қоршаған ортаның әсері бар. Алайда бұған тереңірек үңілмес бұрын, медицинасы дамыған елдердің өзінде де тері диагнозын нақты қою оңай емесін атап өткен жөн. Себебі көптеген аурудың белгілері ұқсас болып келеді, бұл тіпті тәжірибелі мамандарды да жаңылыстыруы мүмкін.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының елімізді ірі транзит хабына айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 30 Желтоқсан, 2025
Пара алғыш подполковник тұтылды
Павлодарда қылмыстық-атқару жүйесінің лауазымды тұлғасы сотталушыны ұзақ уақыт бопсалап, ірі көлемде ақша алып келгені әшкере болды. Ал жазасын өтеуші азамат түрме бастығымен көршілес бөлмеде қалағанынша тұрып, тіпті өзге сотталушыларды қонаққа шақырған.
Құқық • 30 Желтоқсан, 2025
Авторлық құқыққа цифрлық платформа жәрдемдеседі
Елімізде зияткерлік меншікті қорғау мақсатында тауар белгісін жедел тіркеу тәртібі енгізілмек. Бұны Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Әділет министрінің орынбасары Ботагөз Жақселекова мәлімдеді. Сондай-ақ ол «Зияткерлік меншік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдағы өзгерістер мен жаңашылдықтарға да тоқталды.
Экономика • 30 Желтоқсан, 2025
Биыл ел экономикасындағы өсім соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті
2025 жыл еліміз үшін елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Жыл қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6 пайыздан асады деп болжанып отыр. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында мәлімдеді. Аталған нәтиже – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.