Теннис • Кеше
Римдегі басымдық: Рыбакина WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты
Қазақстанның бірінші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан беделді WTA 1000 турнирінде қарсылас шақ келтірмей жатыр. Ол 1/8 финалда чехиялық Каролина Плишкованы еш қиындықсыз жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • Кеше
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
12 мамырда еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • Кеше
Жел күшейіп, үсік жүреді: 12 мамырға арналған ауа райы болжамы
12 мамыр күні Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райы күрт құбылып, жел күшейеді. «Қазгидромет» мәліметінше, елдің батысында шаңды дауыл көтерілуі мүмкін. Ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарда түнде үсік жүреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 11 Мамыр, 2026
Қазақстанға үстел теннисінен әлем чемпионатының туы тапсырылды
Қазақстан 2027 жылғы үстел теннисінен әлем чемпионатын өткізу эстафетасын ресми түрде қабылдады. Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) туын салтанатты табыстау рәсімі Лондонда өтіп жатқан қазіргі әлем чемпионаты алаңында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үстел теннисі федерациясына сілтеме жасап.
Ауа райы • 11 Мамыр, 2026
Алдағы күндері бірнеше өңірде ауа температурасы нөлден төмен түседі
«Қазгидромет» алдағы күндері Қазақстанның солтүстік жартысында түнгі уақытта ауа температурасы нөлден төмен болатынын ескертті. 13 мамырда үсік оңтүстік-шығыс өңірлерде де күтіледі, деп жазады Egemen.kz.