Тағайындау • 18 Желтоқсан, 2019
Нұрлан Ноғаев Энергетика министрі болып тағайындалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 18 Желтоқсан, 2019
Президент Мұхтар Тілеубердіні қабылдады
Сыртқы істер министрі Мемлекет басшысына АҚШ-қа жасаған ресми сапарының негізгі нәтижелері мен биылғы 15-16 желтоқсанда Мадридте өткен «Азия-Еуропа» Сыртқы істер министрлері форумының 14-кеңесіне қатысқаны жөнінде баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 18 Желтоқсан, 2019
Елордада 600-ден астам қараусыз қалған электр, сумен қамту, жылыту, кәріз желілері бар
Елордада 680-ге жуық иесіз жатқан, қараусыз қалған объектілер мен желілер анықталды. 126 км – электр, 7,5 км-сумен жабдықтау, 14 км – кәріз желілері. Сондай-ақ 200-ге жуық трансформатор мен 76 трансформаторлық қосалқы станция балансқа алынбаған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Желтоқсан, 2019
Жамбыл облысында 28 жылда 870-тен астам әлеуметтік нысан салынды
Жамбыл облысында Тәуелсіздіктің 28 жылында 870-тен астам әлеуметтік нысан бой көтерген. Облыста Тәуелсіздік жылдары әлеуметтік сала айтарлықтай көрсеткішке қол жеткізді десек, осы уақыт аралығында өңірде 871 әлеуметтік нысан салынған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 18 Желтоқсан, 2019
Тунисте Әбу Насыр әл-Фарабидің мерейтойына дайындық жайы талқыланды
Тунисте ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Қайрат Лама Шариф Ислам ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі (ISESCO) бас директоры доктор Салим бен Мухаммед аль-Маликпен кездесу өткізді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.