Қоғам • 05 Шілде, 2022
Маусым айының 22-сі күні Шалқар көлінде үрлемелі төсекпен суға түсіп жүрген 9 жасар баланы толқын жағадан алыс айдап әкеткен. Құтқарушылар 5 қайықпен, сүңгуір топтарымен жабыла іздеді, келесі күні іздеу жұмысына тікұшақ қосылды. Алайда үш күннен соң байғұс баланың өлі денесі табылды...
Қоғам • 05 Шілде, 2022
Жастарға арналған алғашқы ұлттық жалпыреспубликалық онлайн еңбек жәрмеңкесіне 1,4 мыңнан астам адам қатысты. Жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарына орналасуға ниет білдірген азаматтардың саны 4 мыңнан асты.
Қоғам • 05 Шілде, 2022
Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы Қырғыз этномәдени бірлестігімен қосылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы алаңында жастарға арналған «Болашақты басқарыңыз» атты іс-шара өткізді.
Аймақтар • 05 Шілде, 2022
Салғырттық сан соқтырмаса екен
Өскеменде үп еткен желге бола көпқабатты жаңа үйлердің қабырғасы қақырап кете беретін. Оған етіміз әбден үйреніпті. Қалыпты жағдай секілді. Өткендегі дауылда да Әл-Фараби даңғылы бойындағы 36-үйдің сыртқы қаңылтыр қаптамасы жыртылған. Оған бола ешкім елең етпеді. Ал ЖМК шағын ауданындағы темір аялдаманың баланы басып қалғаны көптің наразылығын туғызды.
Қазақстан • 05 Шілде, 2022
Бейбітшілік пен келісімге шақыратын маңызды марш
Тыныштық пен бейбітшілік салтанат құрған елдің мерейі өсіп, абыройы асқақтай түсері сөзсіз. Себебі ұлт пен ұрпақтың баянды ғұмыр кешуіне келісім мен татулық басты баспалдақ саналатыны шындық. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Еуропа-Азия Бейбітшілік және келісім маршы» халықаралық жобасы аясындағы мәдениет, бейбітшілік және келісім күндері атты мәдени-бұқаралық іс-шара өтті. Осыған орай достықты дәріптейтін «Еуропа-Азия Бейбітшілік және келісім маршы» Нұр-Сұлтан қаласынан алғашқы сапарға аттанбақ.