Қоғам • 05 Шілде, 2022

Жастар жұмыспен қамтылды

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы Қырғыз этномәдени бірлестігімен қосылып, Қазақстан халқы Ассамблеясы алаңында жастарға арналған «Болашақты басқарыңыз» атты іс-шара өткізді.

Жастар жұмыспен қамтылды

Аталған іс-шараның мақ­саты – оқу орындарының түлек­терін өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындарына бейім­деу және бірнеше жұмыс беру­шілермен тікелей байланыс ор­нату мүмкін­дігіне жол ашып беру. Іс-шараға сонымен бірге мүм­кін­дігі шектеулі жандар да қамтылған.

Бағдарлама арқылы жұмыс­пен қамтылып отырған­дар­дың дені – жастар. Екі жарым ай ішінде компьютерлік дизайнмен қатар камерамен жұмыс істеудің қыр-сырын жете меңгерген Саясат Бексұлтан марапатқа ие болып, бағдарлама иелеріне алғысын білдіріп: «Жүргізіліп отырған бастама арқылы көптеген дағды үйренуге мүмкіндік ашылды. Камерамен жұмыс істеуді үйреніп, басқа да жұмыс түрлерімен таныс­тым. Баршаңызға алғысымды жеткіземін», деді ағынан жарыла.

Ал қалаған саласы бо­йынша жұмыспен қамтылып, қошеметке ие болған Алтынай есімді қыз: «Алғаш жұмысқа кіріскенде еш­нәрсе түсіне алмадым. Ал қа­зір камерамен бейнабаян түсі­ру­ді меңгердім. Көзімнің аздап ақауы болса да, бұл маған ке­дер­гі келтірген жоқ. Шав­кат мыр­за­ның көмек қолын созға­ны­на алғы­сым­ды білдіремін. Жоға­ры кәсіби мамандардың арқа­сында оқу курсын да тез бітір­дім, өйткені бәрі қолжетімді, жеңіл әрі түсінікті болды», деп ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15