Жоба • 17 Маусым, 2025
Баланың алғаш рет «әке», «шеше» деп тілі шыққан сәті – ата-ана үшін де, қоғам үшін де бір бұрылыс. Бұл тек сөз айту ғана емес, сонымен бірге ойдың, сезімнің, болмыстың сыртқа алғаш рет шығуы. Алайда кейінгі жылдары тіл дамуы кешеуілдеген балалар саны көбейіп келеді. Шынын айтқанда, «А» деді, «Б» деді, «Р»-ға тілі келмеді» дейтін жағдай белең алып кетті. Қалалық өмір, экранға телмірген ұрпақ, үйдегі үлкендермен тілдесу мүмкіндігінің азаюы – бәрі осы үдерісті қалыптастырып отыр. Қазір баяғыдай немересіне ертегі айтып ұйықтататын әжелер де азайған. Кішкентайларға жеті атасын жаттатып, әдеп үйрететін аталар да бұл күнде жоқтың қасы.
Digital • 17 Маусым, 2025
«AqylTech», «IT-Aiel» бағдарламаларының тиімділігі жоғары
«AqylTech» және «IT-Aiel» онлайн оқыту бағдарламаларына ресми түрде тіркеу басталды. Аталған бастама – жастар мен әйелдердің қаржылық, цифрлық және жасанды интеллект салаларындағы дағдыларын дамытуға бағытталған. Бағдарламалар Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің, сондай-ақ «Astana Hub» халықаралық технопаркінің қолдауымен жүзеге асырылады.
Білім • 17 Маусым, 2025
Олар – небәрі 16 жаста. Бірі – «3D» модель жасауды меңгерген, екіншісі – дәнекерлеу мен электроникаға әуес. Сәния Шоқан мен Еңлік Маман биыл Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10-сыныбын аяқтады. Олар өз қолымен құрастырған марсиандық «LikiSanktum» атты робот макетімен «Kazakhstan Smart Space 2025» халықаралық байқауында жеңімпаз атанды. Жобаның басты мақсаты – Марс бетіндегі жерасты үңгірлерін анықтайтын құрылғы жасау.
Ғалам ғажаптары • 17 Маусым, 2025
Қара шоколадты тұрақты тұтыну адамның когнитивтік функцияларын жақсартып, жүйке жүйесінің қызметін күшейтеді.
Шаруашылық • 17 Маусым, 2025
Ауылдан ашылған «ақылды» ферма
Агросаланың ауқымы артып келеді. Бұл дегеніміз – ауылға бетбұрыс бар деген сөз. Өңірімізде қомақты қаржы құйылып жатқан ірі кешендер көп. Осакаров ауданының Родников ауылында «Eurasia Invest» компаниясы 6000 сиырға арналған заманауи сүт-тауар фермасын салып жатыр. Бұл – еліміздегі 30 млрд теңгеден асатын ірі инвестициялық жобалардың бірі.