Қоғам • 17 Маусым, 2025
Сауалнама – сауатты оқырман үшін сын
Биыл алғаш рет 23 сәуірде Ұлттық кітап күні аталып өтті. Мемлекет басшысының бастамасымен Ұлттық құрылтайда бекітілген атаулы күн елімізде кітапсүйер қауымның, оқырманның, баспагерлердің көптен күткен рухани мерекесі ретінде қабылданды. Ең алдымен, ұлттық әдебиетті қолдауға бағытталған бұл күн, сөз жоқ, алдағы уақытта кітап нарығына да үлкен серпіліс әкеледі деп болжанып отыр.
Қазақстан • 17 Маусым, 2025
Астана өңірлік дипломатия орталығына айналды
Бүгін Астанада Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан президенттері мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің қатысуымен «Орталық Азия – Қытай» екінші саммиті өтеді. Басты тақырып аймақ елдерінің Қытай Халық Республикасымен ынтымақтастығы болмақ. Жалпы, Қытаймен аймақ арасындағы байланыс әр салада қарқынды даму үстінде. Оның үстіне «Бір белдеу, бір жол» бастамасымен түрлі жобалар іске асып жатыр. Ал саммиттің берері не?
Талбесік • 17 Маусым, 2025
Арқаға бет бұрған ұлы көш ширек ғасыр ішінде тамсана айтатын арман қала тұрғызды. Қазір Астана – еліміздің бет-бейнесі, халықаралық аренадағы айнасы. Болашаққа ұмтылған бас қаланың инфрақұрылымы қарқынды дамып, заманауи ғимараттар мен көгалдандырылған аймақтар көбейді. Десе де, кез келген қала өзінің ажарынан бұрын тазалығымен баурап алатынын ұмытуға болмайды. Бұл – тек атқарушы билікке ғана емес, әрбір қала тұрғынына қатысты ортақ жауапкершілік. Сондықтан елорда тазалығы – күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі.
Оқиға • 17 Маусым, 2025
Қазақстанға Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров келді
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пайдалы қазбалар • 17 Маусым, 2025
5 айда 2,39 млн тонна мұнай өңделді
Биылғы 5 айда Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделген көмірсутекті шикізат көлемі осынша межеге жетті. Зауыттың бас директоры Қуаныш Бишимовтің мәліметінше, жеңіл мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша оң динамика байқалады. Дизель отынын өндіру 786,1 мың тоннаға дейін өсті. Бұл – жоспарланған көлемнен 66,7 мың тоннаға (немесе 9%-ға) артық. Осы кезеңде 105,5 мың тонна сұйытылған мұнай газы шығарылып, жоспар 12%-ға артық орындалған.