Мектеп • 17 Маусым, 2025
Елімізде 200-ден астам жаңа мектеп салынады
2025-2026 оқу жылында 300 мыңнан астам оқушы орнына есептелген 200-ден астам жаңа мектеп (жартысына жуығы ауылдарда орналасады) салу жоспарға алынған. Соның ішінде 206 мың оқушы орнына арналған 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 17 Маусым, 2025
Қытай Қазақстанның су мамандарын оқытуды жалғастырады
Бүгінде Қазақстанның 60 су маманы Қытайда біліктілігін арттырды, осы жыл соңына дейін тағы 60 маман оқудан өтпек, курстар Қытай тарапының қаржысы есебінен ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 17 Маусым, 2025
Қазақстан мен АҚШ инвестициялық ынтымақтастықты нығайтып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Америка Құрама Штаттарына ресми сапары аясында Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаевтың төрағалығымен өткен дөңгелек үстел жиынында айтылды.
Таным • 17 Маусым, 2025
Бауырлас елдер тарихына байыпты көзқарас
Тарихтың терең қатпарынан бастау алатын қазақ-қырғыз қарым-қатынасы, Алатауды егіз емген екі елді байланыстыратын ортақ құндылықтар аз емес екенін аңғартады. Бауырлас халықтардың бекем бірлігі ерте дәуірлерге тиесілі қытай, парсы және басқа дереккөздерде, ұлы «Манас» эпосында, қазақ халқының «Еңсегей бойлы ер Есім» және басқа да тарихи жырларында жан-жақты көрініс табады. Бішкектегі Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде қос ел тарихшыларының қатысуымен өткен «Қазақ-қырғыз мәмілелері: тарихи сабақ және қазіргі заман» атты халықаралық ғылыми конференцияда бауырлас елдерді жақындастыратын тарихи деректер жан-жақты сараланып, ұлттық мүдде қайшылықтарын қоздыратын кейбір мәселелердің жігі тарқатылды.
Қоғам • 17 Маусым, 2025
Көпірлердің Бірыңғай платформасы
Елімізде көпірлерді басқарудың бірыңғай жүйесіне пилотсыз ұшу аппараттары, цифрлық көшірмелер мен жедел мониторинг әдістері енгізіліп жатыр. Цифрландыру инфрақұрылым қауіпсіздігін арттырып, оны күтіп ұстауға кететін шығынды азайтады.