Қоғам • 18 Маусым, 2025
Елімізде балаларды балабақшамен қамту деңгейі артты
Қазақстанда мектепке дейінгі білім беру саласын жетілдіру мақсатында ваучерлік қаржыландыру жүйесі кезең-кезеңімен енгізіледі. Жаңа тетік ата-аналарға балабақшаны еркін таңдауға мүмкіндік беріп, қаржыландыру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Жоба бүгінде бірнеше қала мен ауданда іске қосылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Маусым, 2025
Қазақстан ХҚДБ-дан 42 млрд теңге қарыз алады
Қазақстан Республикасы Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінен (ХҚДБ) 42 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қарыз алады. Бұл қаражат Қазақстанның инклюзивті экономикасы үшін жеделдетілген цифрландыру жобасына бағытталады. Мәжіліс депутаттары тиісті заң жобасын ратификациялап, Сенаттың қарауына жіберуге қолдау білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 18 Маусым, 2025
Қазақстан Еуразиядағы негізгі көлік торабына айналды
Қазақстан Еуразияның негізгі көлік торабы ретіндегі позициясын қарқынды түрде нығайтып келеді. 2024 жылы транзиттік жүк тасымалы көлемі 7,1%-ға өсіп, 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш үш есеге жуық артады. Теміржол, автожол, порт және авиаинфрақұрылымға салынған ауқымды инвестициялардың арқасында ел стратегиялық сауда бағыттарында, соның ішінде Орта дәліз және Солтүстік – Оңтүстік бағдарларында маңызды орынға ие болды. Тұрақты экономикалық өсім мен халықаралық ынтымақтастықтың кеңеюіне сүйене отырып, Қазақстан аймақтық әрі жаһандық логистиканың болашағын қалыптастырып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Маусым, 2025
Ескелді ауданында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
Ескелді ауданының көркем Шымыр ауылында маңызды оқиға орын алды — жаңа ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ашылуы өтті. Бұл тек денсаулық сақтау нысаны ғана емес, ауыл халқының игілігіне бағытталған келешекке сенімді қадам, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Маусым, 2025
Орталық Азия елдері тәжірибе алмасты
Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы (ОАӨЭЫ) жоғары лауазымды тұлғаларының отырысы шеңберінде 17 маусымда Қырғыз Республикасының Шолпан-Ата қаласында Орталық Азия елдерінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) саласындағы уәкілетті органдарының қатысуымен өңірлік форум өтті. Аталған форум – МЖӘ тетіктерін дамыту, қатысушы елдердің осы саладағы тәжірибе алмасу, экономикалық өсімді ынталандыру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда бірлескен бастамаларды ілгерілету және МЖӘ саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.