Аймақтар • 18 Маусым, 2025
Шымкентте үздік тауар өндірушілер марапатталды
Шымкентте «Қазақстанның үздік тауары – 2025» өңірлік байқау-көрмесі мен «Бір ауыл – бір өнім» жобасы көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауды ұйымдастырған қалалық әкімдік пен кәсіпкерлер палатасы, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Ел ішінде күнделікті тұтынатын қызметтер мен тауарлардың құны тағы да өсе бастады. Бұл жолы баға құбылуы ұялы байланыс, электр энергиясы және халықаралық емтихандар саласынан байқалды. Әсіресе, тұрғындар үшін тұрмыстық қызметтердің қалтаға түсер салмағы ауырлай түсті. Маусым айынан бастап мобильді тарифтер өзгеріп, жарықтың құны қымбаттады, ал IELTS емтиханына қатысу бағасы бұрынғыдан да жоғары деңгейге көтерілді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 18 Маусым, 2025
Семсерлесуден Вадим Шарлаимов Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 18 Маусым, 2025
Өңдеуші өнеркәсіп отандық шикізат есебінен дамып келеді
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңдеуші өнеркәсіпті дамыту және оны отандық шикізатпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша брифинг өтті. Іс-шарада ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне қарасты Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Төребек баяндама жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Маусым, 2025
Алимент төлемеген әке жауапқа тартылды
Астрахан ауданы прокуратурасының талдау нәтижелері бойынша алимент төлемеген борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.