Ғылым • 19 Маусым, 2025
Елімізде ғылым әлеуетін әлдендіру – дәуіріміздің басты бәйгесі. Ғылымы өркендеген мемлекеттің бүгіні мен болашақ тағдыры жарқын болатынын әркім-ақ түйсінеді. Мұндағы негізгі қадам – нақты әрекет. Ал әрекет тұлғаның өзінен басталады. Осы қағиданы өмір салтына айналдырған жас ғалымдар тобының жемісті нәтижелері әр тараптан сүйіншілей естіліп жатады. Солардың бірі еліміз үшін стратегиялық маңызды сала металлургиядағы ғылымды серік еткен – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, «Металлургия және тау-кен ісі кафедрасының» аға оқытушысы Асылбек Әбдірашит. Ол металлургия саласына инновациялық технологияларды енгізу, нақты өндірістік және экологиялық мәселелерді шешу арқылы импортқа тәуелділікті азайту үшін тер төгіп жүр.
Сұхбат • 19 Маусым, 2025
Ислам НАЗАРАЛИЕВ: Экспедиция бірлескен жобаларды жүзеге асырады
«Еуразия жүрегіне саяхат» атты халықаралық экспедиция жалғасып келеді. Ресейдің Мәскеу қаласынан басталған сапар Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерін қамтиды. Оған 70-тен аса ғалым, кәсіпкер, блогер мен студент қатысып жатыр. Олар бес мемлекет арқылы шамамен 8 мың шақырымды жүріп өтеді. Осылайша, сол аймақтың тарихымен, мәдениетімен танысады. Осы орайда экспедицияны ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Ислам Назаралиевпен аз-кем әңгімелестік.
Алматы • 19 Маусым, 2025
Қазақ-корей дәстүрін тоғыстыратын орталық
Ұшы-қиыры жоқ уақыт бедерінде саясат ызғары қарымаған, тауқыметін көрмеген ұлт кемде-кем болса, сол халықтың бірі – Қазақстан корейлері. Енді екі жылдан кейін сонау Қиыр Шығысты мекендеген корейлердің мәжбүрлі түрде Қазақстанға қоныс аударғанына 90 жыл толады.
Еңбек • 19 Маусым, 2025
Қауіпсіз еңбек қашанда маңызды
Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, еңбеккерлердің бас амандығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі. Былтыр жазатайым оқиғадан 1 408 адам зардап шегіп, оның ішінде 202 адам қайтыс болды. 445 мыңнан астам жұмыс орны әлі де зиянды әрі қауіпті саналады. Елімізде 15 976 азамат кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылған. Жұмыс істеп жүріп ауруға шалдыққандар мен өндіріс кезінде жарақат алушылар қатары да азаймай тұр. Демек еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуде атқарар шаруа әлі де шашетектен.
Саясат • 19 Маусым, 2025
Ынтымақшыл елдердің ырысы артады
Қауіпсіздігі мен тұрақтылығы шатқаяқтап тұрған бүгінгі әлемде мүддесі мен мақсаты бір мемлекеттердің күш біріктіріп, тізе қосып алға басуы – маңызды үдеріс. Осы орайда Астанада екінші «Орталық Азия – Қытай» саммитінің өтуі аймақтық ынтымақтастықтың жаңа кезеңіне жол ашты. Сарапшылар бұл форматтың келешегін жоғары бағалап отыр.