Заң мен Тәртіп • 19 Маусым, 2025
Қолында билігі барда қоныштан басып, ұлан-ғайыр алқапты меншіктеп алғандар қара жерді пайдаланбай, халықтың қазынасын заңсыз иелігінде ұстап келгені белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында заңсыз алынып, пайдаланылмай жатқан жерді мемлекет меншігіне қайтарудың маңызы зор екенін әкімдерге шегелеп тапсырғаны мәлім.
Руханият • 19 Маусым, 2025
Жақында белгілі журналист, баспагер Болат Асанбаевтың «Қарасай» баспасынан жарық көрген «Жаз өтіп, күз де жетіпті-ау...» атты жаңа кітабы қолымызға тиді. Біз Болатпен кезінде Қазақ университетінің журналистика факультетінде бірер курс ілгері-кейінді қатар оқығанбыз. Ол өте ақкөңіл, кіммен болса да емін-еркін сөйлесе беретін ақжарқын жан еді. Сөзі мірдің оғындай, не айтса да әңгімесінің арасына бір-екі ауыз әзіл-қалжың қосып, барынша әдемі жеткізеді. Әрегідік өлең жазып қоятыны да бар. Біз осы Болаттан түбі бірдеңе шығады деп мақтап та қоятынбыз.
Экономика • 19 Маусым, 2025
Ырысты еселейтін экономикалық аймақ
«Қорқыт Ата» арнайы экономикалық аймағын (АЭА) құру өңір экономикасын алға сүйрейді деген үлкен үміт сыйлап тұр. Өңір экономикасын дамытудың мұндай тәжірибесі бұрын да болған. Жергілікті биліктің АЭА құру бастамасына Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Сыртқы істер, Қаржы, Көлік министрліктері ерекше қолдау танытыпты.
Аймақтар • 19 Маусым, 2025
Курчатовта ғылым қалашығы бой көтереді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ғылымға қатысты ерекше бастама көтергені есімізде. Онда Президент: «Шын мәнінде, ғылым қалашығы керек. Оларды Алматыда, Курчатовта салу ақылға қонады. Бірақ Үкімет те, ғалымдар мен салалық министрлік те нәтиже шығару қажет екенін түсінгені жөн», деген еді. Жуырда Абай облысына келген Ұлттық ғылым академиясының көшпелі отырысында да бұл мәселе қайта көтерілді.
Заң мен Тәртіп • 19 Маусым, 2025
Ақпараттық гигиена заңға сай келе ме?
«Ақпарат майданында күн сайын жеңіліп жатырмыз. Әлеуметтік желіде бірін-бірі балағаттаған, жалған қауесет таратып, «қан майдан» болып жатыр. Жалған ақпарат, фейктің өріс алғаны соншалық, түрлі провокациялық видеолар өріп жүр», дейді Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай.