Өндіріс • 19 Маусым, 2025
«Qarmet» компаниясы «Алтын Гефест 2025» ұлттық байқауында ерекше цифрлық жобалары үшін «Тау-кен металлургия кешеніндегі ең үздік digital-шешім» арнайы аталымында жеңімпаз атанды. Компанияның Көмір департаменті Диспетчерлік-талдау орталығын және елімізде баламасы жоқ – персонал мен техника позициясын анықтайтын біріктірілген жүйені әзірлеп, іске қосқан.
Ипотека • 19 Маусым, 2025
Ипотека мөлшерлемесін төмендету уақытша тоқтатылды
Осыдан біраз күн бұрын ғана елдегі ипотека мөлшерлемесі 25%-дан 20%-ға төмендетілген еді. Алайда көп ұзамай Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ипотека бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) әзірге 25% деңгейінде ұстай тұру туралы шешім қабылдады. Тиісті қаулы ҚНРДА порталында жария етілді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2025
Ақтауда биыл 20 шақырым жылу желісі жаңартылады
2025 жылдың ішінде 10 шақырым магистральдық және 10,2 шақырым ауданішілік жылу желілері ауыстырылады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бердібек Қартбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Маман • 19 Маусым, 2025
Қай мамандыққа сұраныс жоғары?
Өткен айда Enbek.kz электронды еңбек биржасында 86 мың бос жұмыс орны мен 110 мың түйіндеме орналастырылыпты. Алдыңғы аймен салыстырғанда сұраныс пен ұсыныстың азайғаны байқалады.
Қоғам • 19 Маусым, 2025
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып, іске асырылып жатқан бірегей бағдарламалардың бірі – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы. Бұл – өскелең ұрпақтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған стратегиялық бастама. Негізгі мақсаты – ел байлығын әділ бөлу, ұлттық ресурстардан түсетін табысты балалардың болашағына инвестициялау.