Балалар • 19 Маусым, 2025
«Kishkentai» жобасының үлкен пайдасы
Қоғамдағы инклюзия ұғымы кейінгі жылдары күн тәртібіне жиі шыға бастады. Балаларға тең мүмкіндік жасау, ата-аналардың білім деңгейін арттыру, ерекше күтімді қажет ететін сәбилердің әлеуетін ашуға жағдай жасау – бұл тек әлеуметтік саясаттың ғана емес, азаматтық жауапкершіліктің де маңызды бағытына айналып отыр. Осы ретте елімізде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған қолжетімді әрі сапалы ойыншықтар әзірлеп, оны әлеуметтік кәсіпкерлікке айналдыра білген Гүлмира Пармышева есімі жиі аталып жүр.
Президент • 19 Маусым, 2025
Президент Orbis Heavy Machinery зауытына барды
Қасым-Жомарт Тоқаев KIA маркалы арнайы және коммерциялық техникалар құрастыратын зауыт жұмысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқық • 19 Маусым, 2025
Қарапайым азамат өз құқығын біле ме?
Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді, ол әр азаматтың өз құқығын біліп, қорғай алатын деңгейге жетуімен өлшенеді. Ендеше, «құқықтық сауаттылық» ұғымы мен халықтың оны қаншалықты білетініне тоқталайық.
Қаржы • 19 Маусым, 2025
Қазақстанда енді екі номиналдағы монеталар шығарылмайды
Елімізде бұдан былай номиналы 1 және 2 теңгелік монеталар шығарылмайды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 19 Маусым, 2025
Өнеркәсіп өндірісінің бес айдағы жетістігі
2025 жылдың қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 6,4%-ға өсті, тау-кен өнеркәсібінде 7,8%-ға және өңдеу өнеркәсібінде 6%-ға артты. Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика байқалады: қара металургияда (+3,4%), машина жасауда (+10,5%), тамақ өнімдерін шығаруда (+10,5%), мұнай өңдеуде (+11,3%), химия өнеркәсібінде (+9,9%), құрылыс материалдарын өндіруде (+10,3%), резеңке және пластмасса бұйымдарында (+4,8%), дайын металл бұйымдарында, машиналар мен жабдықтардан басқа (+17,5%), жеңіл өнеркәсіпте (+2,7%) және жиһаз өндірісінде (+6,8%), деп хабарлайды Egemen.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.