Сенат • 29 Наурыз, 2024
Сенаторлар өңір жұртшылығымен суды үнемдеу мәселелерін талқылады
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Түркістан қаласында Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның бесінші отырысы өтті. Іс-шара барысында алтыншы Орнықты даму мақсатын іске асыру аясында су ресурстарын үнемді пайдалану және санитария мәселелеріне қатысты проблемалар талқыланды. Сондай-ақ сенаторлар жергілікті мәслихат депутаттарымен және өңір жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Учаскелік полицей отбасыны сең құрсуынан құтқарды
Ойыл ауылының тұрғыны 27 наурыз күні түнде отбасымен Ақтөбе қаласына бара жатып, Қобда-Ойыл тасжолының бойында су тасқынына тап болған. Күтпеген жерден жолдың бетін жапқан тасқыннан көлік кері бұрыла алмай, су ортасында қалып қойған. Көлік тізгіндеген азамат тасжолға жақын жердегі Кемер ауылының тұрғындарына қоңырау соғып, көмек сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Әскерилер су басқан ауыл тұрғындарына жәрдемдесті
Авариялық-құтқару жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелер, басқа да күштік құрылымдар мен мердігерлік ұйымдар жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Наурыз, 2024
Бишімбаев ісі: бейнежазбаларды өшірген қызметкер сотта куәлік етті
Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Наурыз, 2024
Эвакуацияланған оқушылар Арқалықта оқуларын жалғастырып жатыр
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Арқалықта жедел штаб отырысын өткізді. Шұғыл кеңесте Торғай өңіріндегі су басып қалған елді мекендерден шығарылған балалардың оқудан қол үзіп қалмауын қамтамасыз ету мәселесі де қаралды.