Әскер • 03 Желтоқсан, 2024
1996 жылдың 30 қарашасында Қорғаныс министрлігі құрылымында заң қызметі құрылған еді. Сол кезден бері бұл күн жыл сайын Әскери заңгерлер күні ретінде атап өтіледі.
Қоғам • 03 Желтоқсан, 2024
Өркениет тоғысындағы тарихи мұралар
Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Жошы ұлысына 800 жыл: өркениеттер тоғысындағы тарихи мұра» атты ғылыми конференция өтті. Оған тарихшы-ғалымдар және жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Айбын • 03 Желтоқсан, 2024
Қарулы күште қандай реформа жүріп жатыр?
Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі мәселелерін талқылады. Комиссия отырысына Парламент депутаттары, омбудсмендер, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, білім беру саласы өкілдері мен заңгерлер қатысты.
Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2024
Тарихы терең қасиетті Қарқара ауылында қосқабатты мәдениет үйі пайдалануға беріліп, ел қуанышы еселенді. Ауылдың орталық көшесінің бойынан ойып орын алған ғимараттың сырт келбеті көз тоярлық. Ал табалдырығын аттап ішке кірген адамның рухы асқақтап, жан дүниесіне мәдениеттің сәулесі себезгілейді.
Тағзым • 03 Желтоқсан, 2024
Қаламгердің болмысы әспеттелді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылған ІІІ Жұмабек Кенжалин оқулары қаламгердің 70 жылдығына арналды. «Қазақстан қоғамындағы ақпараттық үрдістер: БАҚ менеджменті мен маркетингі және PR» тақырыбында өткен халықарылық ғылыми басқосудың мәні мен маңызы, айшықты мазмұны талантты қаламгер-публицистің артында қалдырған мол мұрасын, қалыптастырған мектебін зерделеуге арналды.