Медицина • 29 Қазан, 2020
Калачи синдромының себебі неде?
Калачи ауылындағы «ұйқы ауруының» себептерін ұзақ уақыт зерттеп келе жатқан профессор-эпидемиолог Байрон Крэйп бастаған Назарбаев Университеттің ғалымдар тобы 2012 жылдың соңы мен 2015 жылдың қазаны аралығында ауыл тұрғындарының неге кенеттен ұйқыға кеткені туралы өз болжамдарын алға тартты.
Әлем • 29 Қазан, 2020
Жапония көмірқышқыл газынан бас тартады
Жапония премьер-министр Йошихидэ Суга парламентте өткізген алғашқы жиынында 2050 жылға қарай Күншығыс елі парниктік газдардан толығымен тазарады деп мәлімдеді.
Экономика • 29 Қазан, 2020
Макроэкономикалық көрсеткіштер мәз емес
Экономистер пандемиямен қатар өрілген 2020 жылдың алдын ала қорытындыларын шығарып, күрделі болады деп күтіліп отырған келер жылға болжам жасауда. Осы орайда біз экономист, GSB UIB бизнесті талдау орталығының директоры Мақсат Халықты сөзге тартып, қазіргі экономикалық ахуал туралы ой-пікірін білгенді жөн көрдік.
Руханият • 29 Қазан, 2020
Көп жылғы қалыптасқан дәстүрлі мәнерге жаңа леп әкелген шығармашылық топ жаңа неміс кинематографиясының дамуында айрықша орын алады. Соның арасында Райнер Вернер Фассбиндер, Вернер Херцог, Фолькер Шлендорф, Маргарет фон Тротта, Вим Вендерс сынды талантты режиссерлер шоғыры әлем киносында жақсы танылды. Бір қайран қалдыратыны, көркемдік суреттеудің жаңа мүмкіндіктерін қалыптастыру жолында жұртшылық камера сыртындағы әйелдерді тани бермейді. Біз бүгін неміс фильм сахнасынан жұрт білуі тиіс тұлғаларды назарға ұсынбақпыз.
Оқиға • 29 Қазан, 2020
Жұлынбасын бұдан соң бұрымдарың...
Алматыда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдерді қолдау мақсатында ерекше арт-инсталляция қойылды. Бәрібаев көшесіндегі 36-шы үйдің орталық көшеге қарайтын қабырғасына төрт метрлік өрілген бұрым ілінген.