Заң • 27 Наурыз, 2026
Алатау қаласы жаңа мәртебеге ие болды
Парламент Мәжілісі «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, бұл еліміздің урбанизация және инвестициялық саясатында жаңа кезеңнің басталғанын білдіреді. Алатау қаласы – дербес басқару мен Smart City моделі бойынша жаңа мәртебеге ие болады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Наурыз, 2026
Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов пара биатлоннан Миланда өткен қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовпен және оның жаттықтырушыларымен кездесті. Кездесу барысында министр отандық спорт саласына қосқан елеулі үлесі мен халықаралық аренадағы жоғары жетістіктері үшін Ербол Хамитовқа «Еңбек сіңірген спорт шебері» атағын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 27 Наурыз, 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Қазақстан тәжірибесі Францияда таныстырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресті мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. 2026 жылғы 26 наурызда Францияның Страсбург қаласында өткен Еуропа Кеңесінің GRECO (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттер тобы) 102-ші пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың іске асу барысын таныстырды. Еуропа Кеңесімен құрылған GRECO ұйымына 51 мемлекет мүшелік етеді, ал Қазақстан Республикасы аталған ұйымның толыққанды мүшесі болып саналады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 27 Наурыз, 2026
Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады
9 сәуірден бастап «Астана – Ақтоғай – Талдықорған» бағыты бойынша тікелей жолаушылар қатынасы іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Наурыз, 2026
АҚШ тарихында алғаш рет: Долларға Трамптың қолтаңбасы қойылады
АҚШ президенті Дональд Трамп ел тарихында алғаш рет өзінің қолтаңбасын америкалық банкноттарға енгізбек. NBC News телеарнасының мәліметінше, бұл бастама АҚШ Қаржы министрлігінің ақпаратында айтылған, деп жазады Egemen.kz.