Өнер • 27 Қаңтар, 2026
Еуропаның мәдени астаналарының бірі – Вена қаласында өткен «Түркі апталығы» түркі дүниесінің рухани байлығы мен өнердегі тұтастығын айшықтаған тағылымды мерекеге айналды. Айтулы мәдени шара аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері өнер көрсетіп, ұлтымыздың ғасырлар қойнауынан жеткен асыл қазынасын әлем жұртшылығына танытты.
Театр • 27 Қаңтар, 2026
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры тұңғыш рет Сингапур еліне гастрольдік сапармен барды. Театр ұжымы Сингапур ұлттық университетінің (NUS) мәдениет орталығында өнер көрсетті.
Теннис • 27 Қаңтар, 2026
Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігі нағыз қызған шағына жетті. Жарысқа шыққан теннисшілеріміздің арасынан тек Елена Рыбакина мен Анна Данилина ғана ширек финалда күш сынасу құрметіне ие болды.
Музей • 27 Қаңтар, 2026
Өнер мен мәдениетіміздің жауһары сақталған Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі ауқымды жаңғыртудан кейін өз жұмысын қайта бастады. Мемлекет басшысының қолдауымен қысқа мерзімде жүргізілген кешенді жаңғырту өнер туындыларын сақтау мен экспозициялауға заманауи жағдай жасауға бағытталған.
Аймақтар • 27 Қаңтар, 2026
Жыл басынан бері өңірдегі бірқатар ауданда жаңа фельдшерлік-акушерлік пункттер (ФАП) қатары көбейіп, шалғайдағы ағайынның денсаулығын жақсартатын нысандар жаңарды. Мәселен, Мақтаарал ауданында бір мезетте үш бірдей емдеу мекемесі есігін айқара ашты.