Жасанды интеллект • 01 Сәуір, 2026
Кез келген инновациялық өнімнің өміршеңдігі оның өндіріске өткенінен көрінеді. Жасанды интеллектіге айрықша мән берген осы күні отандық жоғары оқу орындарында ізденушілер көптеп жаңашыл жобаларды жасап жүр. Кейбірі қолданысқа енгізіліп те үлгерген. Соның бірқатарына тоқталып көрдік.
Кәсіпкер • 01 Сәуір, 2026
«Qazaq National Product» – құнарлы құртымен танымал кәсіпорын. Қаптамаларында «Қарағандыда жасалған» деген жазуы бар құнарлы ас бірегей брендке айналды. Ертеде әжелеріміз жайған ақ құртқа жаңаша сипат берген цех технологтері дәмдеуіштің түр-түрін қосып, тіл үйірер өнім әзірлеп келеді.
Digital • 01 Сәуір, 2026
Жасанды интеллектінің әлеуетін арттыруға ең әуелі мол дерек пен соны талдайтын қуатты есептеу жүйесі керек. Айталық, дәрігерге көмектесетін бағдарлама бірінші кезекте медициналық мәліметтерді жинақтайды. Сол секілді жолдағы кептелісті болжайтын жүйе көлік қозғалысына қатысты деректермен жұмыс істейді. Содан соң барып сол ақпаратты саралап, нақты шешім ұсынатын деңгейге көтеріледі. «Astana Hub» алаңында өткен ашық кездесуде осы мәселені шешуге бағытталған нақты мүмкіндік таныстырылды.
Білім • 01 Сәуір, 2026
Батыс Қазақстан облысында «Білім беруді ақпараттандыру және жобалау орталығы» ашылып, өңірдегі білім жүйесін цифрландыру мен инновациялық дамыту бағытында жүйелі жұмыс басталды.
Білім • 01 Сәуір, 2026
Логопед таппаған ата-ана, маманға зәру мектеп
Ертіс-Баян өңіріндегі инклюзивті білім саласы жүйелі көрінгенімен, ішкі иірімдерінде шешімін таппаған түйткілдің аз емес екені аңғарылады. Әлі күнге 150-ге жуық бала түзету кабинеттеріне кезекте тұр. Маман тапшылығы мен төмен жалақы саланың «тұсауына» айналғандай.