Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Өрт сөндіру техникасымен толықты
Орман шаруашылығы қызметкерлеріне заманауи үлгідегі өрт сөндіру техникалары берілді. Ақмола облысындағы орман шаруашылығы мекемелері 13 бірлік өртке қарсы техникамен толықты. Мамыр айында тағы берілмек.
Көрме • 07 Сәуір, 2026
Астанада халықаралық кітап жәрмеңкесі өтеді
22–26 сәуір күндері елордадағы Президент орталығында «Astana Eurasian Book Fair-2026» IX халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді.
Аймақтар • 07 Сәуір, 2026
Қызылордадағы қайта салынған Президент паркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында бой көтерген саябақ аумағында заманауи субұрқақтар, амфитеатр, спорт, ойын, би, шахмат, баскетбол, футбол алаңдары, биіктігі 50 метрлік айналмалы шолу дөңгелегі, велосипед, жүгіру жолақтары бар.
Туризм • 07 Сәуір, 2026
Дәстүр мен жасампаздықты тұтастандырған Түркістан
Еліміздің басты туризм бағыттарының бірі саналатын әулиелі, әмбиелі Түркістан топырағына шет мемлекеттерден, еліміздің басқа өңірлерінен келушілер қатары жылдың қай мезгілінде де толастаған емес. Өңірде туризм саласын дамыту бағытында ауқымды іс атқарылып жатыр.
Руханият • 07 Сәуір, 2026
Бүгінде еліміз оны ерекше даусынан таниды. Көрнекті қаламгер Тәкен Әлімқұлов: «Сөздің суреті, үні, бояуы, дәмі болады» дейді. Жазушы Мархабат Байғұт дауыстың да түсі барын, түрлі-түске енетінін айтқан. Осы тұрғыдан келгенде біздің бүгінгі кейіпкеріміз жұртшылықты құлаққа жағымды әуезді даусымен баурап алғаны сөзсіз.